Тәуелсіздік шежіресі: 8 қарашада қандай тарихи шешімдер қабылданды

Егемендіктің 30 жылында республикамызда көптеген бастамалар қолға алынды

Тәуелсіздік шежіресі: 8 қарашада қандай тарихи шешімдер қабылданды Almaty.tv

1994 жылы 8 қарашада Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнының бас ғимараты алдына Әбу Насыр әл-Фарабидің ескерткіші орнатылды. Бүгінде білім ордасында 20 мыңнан астам студент оқиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.            

Ал 1995 жылдың 8 қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заң күші бар Жарлығы шықты. Осылайша, жыл сайын желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен әр саладағы Мемлекеттік сыйлықтар мен атақтар, медальдар табысталып келеді.

2009 жылы Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіруге, оның пайда болуына байланысты жауапкершілікті күшейту, алдын алуға бағытталған тетіктерді енгізу үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир