Алматыда «Тәуелсіздік – Азат елдің жаршысы» атты мерекелік концерт өтті

Шарада қазақ эстрадасының жұлдыздары мен майталмандары өнер көрсетті

Алматыда «Тәуелсіздік – Азат елдің жаршысы» атты мерекелік концерт өтті Стоп-кадр

Алматыда ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алматы әуендері» ұсынған «Тәуелсіздік – Азат елдің жаршысы» атты мерекелік концерт өтті. Республика сарайында ұйымдастырылған шарада қазақ эстрадасының жұлдыздары мен майталмандары өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

   

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы әуендері» мекемесі бостандық таңы атып, егемендікке жеткенімізге 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – Азат елдің жаршысы» атты концертті қала тұрғындарына тарту етті.

Сахна шымылдығы еліміздің кино саласында еңбек сіңірген әйгілі актер, қоғам қайраткері Тұңғышбай Жаманқұловтың орындауындағы «Абылай хан монологынан» басталды. Өйткені бұл пролог қазақтың асыл ханының ел іргетасын қалаудағы рөлі мен елдің басынан өткерген заманнан сырт шертетіні бекер емес.

«Халық менің Абылай ханды сомдағанымды біледі. Әлі де сол Абылай ханның мұң-арманымен, шер-шеменім жүріп жатырмын десеп, артық айтпаспын. Өйткені қазақ тарихында қалған арыстарымыздың рөлдерін сомдау, ата-бабамыздың жүрегінен, ойынан шыққан сөздерді әрдайым сахнаға алып шығу мені азамат ретінде қалыптастырып, тәрбиелеп шығарды», – деді Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов.

Сондай-ақ мерейлі мерекелік концертте сахна төрінде еліміздің танымал эстрада жұлдыздары мен халық әртістері қалың көпшілікке ән-шашу тарту етті. Сондай-ақ Болат Аюхановтың бастамасымен балет қойылып, ансамбльдер би билеп, ерекше көңіл күй сыйлады. Осы ретте ұйымдастырушылар шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпаққа қасиетті тәуелсіздік ұғымын тереңінен түсіндіру дейді.

«Қазір қарап отырсақ, жастарымыз кітап оқымайды. Көбімен тілдесіп көрсеңіз, тарихи санасы дұрыс қалыптаспаған. Жастардың тарихи санасының дұрыс қалыптасуы мақсатында тарихи тағлымға толы «Тәуелсіздік – Азат елдің жаршысы» атты іс-шараны ұйымдастырдық», – дейді «Алматы әуендері» қоюшы режиссері Дарын Қалибекұлы.

Аяулым Көлжігіт, «Алматы» телеарнасы  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир