Алматыда ғалым Сұлтанбек Қожанұлының бюсті ашылды

Almaty.tv
Almaty.tv
Мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған мүсін Алматының Қожанов пен Жароков көшелерінің қиылысында бой көтерді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында публицист, ғалым Сұлтанбек Қожанұлының бюсті ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.            

Салтанатты рәсімге тарихи тұлғаның туыстары мен зиялы қауым өкілдері қатысып, ол туралы тың деректерді бөлісті. Мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған мүсін Алматының Қожанов пен Жароков көшелерінің қиылысында бой көтерді.  

«Отызға келгенде орда бұзбасаң, қырқыңда қыр аспайсың» дейді ғой қазақ. Егемендікті алар кезімізді армандап жүрген Алаш азаматтарының бірі Сұлтанбек Қожанов болатын. Сондықтан бүгінде Сұлтанбекке арналған ескерткіш тұрғызылды. Біздің ниет – сол кісінің жүріп өткен жолы жастарға үлгі болса екен», – деді С.Қожанов атындағы қайырымдылық қорының төрағасы Мұқан Әбдіраманұлы.

Ұстаз, ғалым, публицист Сұлтанбек Қожанов бірінші кезекте ұлттық мүддені ойлайтын. Ол үшін ымырасыз күресті дейді тарихшылар. Еңбекшіл халқымен жақсы байланыс ұстап, экономикалық, әлеуметтік, мәдениет мәселелерін шешуге тырысқан. Оның өз артына қалдырған мұрасы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге.  

«Сондықтан біз оны Қазақ елі тәуелсіздігінің бастауында тұрған тұлғаларының бірі ретінде қараймыз. Ол – Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының ізін басқан, солармен тығыз қарым-қатынаста болған, Алаш қайраткерлерімен араласқан, өз қайырымын тигізген үлкен тұлға», – деді филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп.

Новости партнеров