Б. Сағынтаев алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсене қатысуға шақырды

Б. Сағынтаев алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсене қатысуға шақырды
Жоба аясында азаматтардың бастамалары мен ұсыныстарының негізінде жалпы сомасы 14,5 млрд. теңге 333 жобаға өтінім берілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінгі күні «Бюджетке қатысу» жобасы тұрғындарды қала кеңістігін жақсарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға кеңінен тартудың тиімді тетігі болып табылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, Б. Сағынтаев осы жоба аясында тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде жалпы құны 14,5 млрд тг болатын 333 жобаға өтініш берілгенін айтты. 2020 жылы жалпы құны 1,4 млрд тг болатын 55 жоба іске асады, оның ішінде құрылыс саласы мен абаттандыруға қатыстылары да бар.

«Бүгінгі эфирді пайдаланып, алматылықтарды "Бюджетке қатысу" жобасына белсенді қатысуға шақырамын. Келер жылы орындалатын жобаларға да іріктеу жүргізіледі. Қазіргі кезде өтініштер қабылдануда. Өздеріңіздің аулаларыңыз бен ықшамаудандарыңызда қандай жобаны жүзеге асыру қажеттігін өздеріңіз шешетін боласыздар», – деп атап өтті Алматы әкімі.

Өткен жылы әр ауданға 500 млн тг қаражат қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда «Бюджетке қатысу» жобасының сомасын екі есе көбейту мәселесі қарастырылуда.

Новости партнеров