|
12.12.2021 | 13:38
3273

Жаңа фильм жүрегіміздің төрінен орын тапты – Рысгүл Есенғұлова

Жаңа фильм жүрегіміздің төрінен орын тапты – Рысгүл Есенғұлова almaty.tv

Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Алматы» телеарнасы түсірген «Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Бұл фильмге Желтоқсан оқиғасына қатысушы Рысгүл Есенғұлова өз бағасын берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Желтоқсан – Ел Тәуелсіздігінің бастауы» атты деректі фильмді көріп, басынан аяғына дейін жыладым. Туынды жүрегіміздің төрінен орын тапты. Шебер суреттеп түсірілген фильм екен. 1986 жылы болған оқиға нақты, жан-жақты қамтылып түсірілген. Алдағы уақытты бұдан да басқа дүниелер түсіріліп, жалғасын тапса дейміз. Қазіргі жастардың ой-мақсаты сол кездегі жастардың ой мақсатынан терең деп ойлаймын. Қазіргі жастардың көзі ашық, көкірегі ояу. Сондықтан Желтоқсан оқиғасын жақсы қабылдайды деп сенемін», – дейді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Рысгүл Есенғұлова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир