Қалаға меценаттардың сыйға тартқан көшеттері қурап қалған

Қалаға меценаттардың сыйға тартқан көшеттері қурап қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалаға меценаттардың сыйға тартқан көшеттері қараусыз қалып, қурап қалған. Өтемақы ретінде еккен талдарын кем дегенде екі жыл күтіп, бақпаса көшеттер көктемейді. Қараусыз қалып,  қураған ағаштардың орнына қайта жасыл желектер отырғызылды. Медеу шатқалына құны қымбат тағы 50 тал - Тянь-Шань  шыршасының бұтағы шаншылды.  

Қураған мына көшеттер былтыр егілген. Таудың жауыны мол, топырағы құнарлы болсада қараусыз қалғандықтан жас көшет қурап қалған. Ерінгеннің салдарынан биыл екінші рет тағы шырша егілді.

«Біз екі жыл осы ағаштарды күтіп-бағамыз. Осы аралықта жас, балғын ағаштар табиғатқа бейімделе алады. Біздің қызметкерлер олардың биіктеп, тау баурайында жайқалып тұруын қадағалаймыз», - деді компанияның заңгері Ксения КОНДРАТЬЕВА.

Тау бөктеріне қымбат шыршаларды тегін тарту еткен жекеменшік мекемелердің бірі жауынның мол болғаныа қарамай жұмыстарын жасауға келіпті. 150 адам таудың қоқысын өз еріктерімен тазалап, Медеу шатқалына 50 Тянь-Шань ағашын екті.

«Ағаш отырғызу БҰҰ бастамасымен 1972 жылы осында басталған. Содан бері табиғи саябаққа жыл сайын ағаш егу салты жалғасып келеді. Көптеген компаниялар ерікті түрде өз қаражаттарына көшеттер отырғызып келеді», - деді «Медеу» табиғи саябағы директорының орынбасары Дарын ЖҰМАБЕКОВ.

Тянь-Шань шыршасының бір көшеті нарықта 20 мың теңгеге  жуықтайды. Ал оны екі жыл күту тағы қосымша шығындарды қажет етеді. Бірақ екі жыл қурамай, табиғатқа бейімделіп кетсе бір ағаш 250 жыл жайқалып, 60 метрге дейін жетпек. Бұл тау топырағының сақталып, таудың ауасын тазалап тұрмақ.  

Рашит Ильясов, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы  


Новости партнеров