Қазақстандық дизайнер Лондон сән апталығында бағын сынамақ

Қазақстандық дизайнер Лондон сән апталығында бағын сынамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық жас дизайнер Лондон сән апталығында өз бағын сынайтын болды. 26 жастағы Руслан Ким сән әлемінде 2014 жылдан бері жүр. Оның киімдері Руслан Панама брендімен тігілуде. Дизайнер бір аптадан соң Ұлыбритантиядағы сән десе ішкен асын жерге қоятын  шебер дизайнерлердің арасында өз  өнерін көрсетеді. Қазірдің өзінде оның жұмыстары шетелдік әріптестерінің қолдауына ие болған. Жас іскер маманға еліміздегі Британия елшілігі қолдау көрсетуде. Бұл  байқау  жастардың ұлттық замануи стилін қалыптастыруға мүмкіндік бермек.  

«Менің жұмыстарымды жақын құрбым байқау шарттарына сәйкес келеді деп  арнайы көрсетілген мекен-жайға жай ғана жібере салған. Алғашында Ұлыбританиядан хабарласқанда  қуанышымда шек болмады. Мықты деген қазақстандық 20 дизайнердің ішінен таңдаулары маған түсіпті. Енді барымды салып, сән әлемінде өз қолтаңбамды қалдыруға тырысамын», - деді дизайнер Руслан КИМ.


Новости партнеров