Полицей батареяға байлап қойған бұзақы тірідей пісіп қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Якутияда ұсақ бұзақылық үшін ұсталған ер адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға Андрюшкино ауылында болыпты. Тергеу комитетінің мәліметі бойынша, түнде учаскелік полицей бұзақыны жылу радиаторына кісенмен байлап, кетіп қалған. Таңертең ер адам өлі күйінде табылыпты. Бастапқы деректер бойынша, ол қатты күйіп қалып, термикалық шоктан көз жұмған болуы мүмкін.
Қазір сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ІІМ-нің өңірлік басқармасы хабарлағандай, ұсталған адам слесарь болып істеген екен, кісеннен босап шығу үшін, батареяның вентилін сындырған болса керек.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00