Қазақстанда жаңа үйлер қымбаттады

Қазақстанда жаңа үйлер қымбаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа пәтерлер нарығындағы баға саясаты тұрақтанды. Қазақстан бойынша бір жылдың ішінде жаңа салынған пәтерлердің әр шаршы метрінің бағасы 5 пайызға артып, 266 мың теңгеге жетті. Бұған қоса, аталған кезеңдегі көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлер бойынша мәміле көлемі 13 пайызға, ал доллар бағамы 11 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, Қазақстанның ірі қалаларында бастапқы нарықтағы пәтерлердің құны төмендегені байқалады. Ақтауда баға 4,2, Көкшетауда 4,5, Павлодар мен Петропавлда бірден 24 пайызға қысқарған.

Мұны мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджеттік пәтерлердің жаппай салынуымен түсіндіруге болады. Мемлекеттік-жекешелік серіктестік форматындағы тұрғынүй құрылысына мемлекеттік қолдау тиімділігі деңгейінің арта түсуі де байқалады.

2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қазаны аралығындағы кезеңде баспана сатып алуға арналған банк займдарының көлемі 17,2 пайызға (184,6 млрд теңге) өсті. Бұл ретте ипотекалық нарықтың Қазақстанның барлық өңірлерінде жоғары белсенділігі байқалады.

Алматы облысында бір жылдың ішінде ипотека нарығы ақшаға шаққанда бірден 42,5 пайызға артты.

Астанада, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында екінші деңгейлі банктер арқылы ипотекалық займның көлемі аталған кезеңде 25 пайызға ұлғайды.

Табысы жоғары халыққа арналған жаңа тұрғын үйлердің қолжетімділік деңгейі де артып келеді. Бір жағынан, нақты баға шегінде құрылыста құн белгілеу тетігінің айқындығы қалыптаса түссе, екінші жағынан, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана сатып алудың орташа чегі белгіленді. Бұл ретте құрылысшылар салынған нысанның сатылуына кепілдік алып отыр. Бұл да  құрылыстың өзіндік құнын төмендетеді.


Новости партнеров