|
03.01.2019 | 19:00
4048

Жаңа жыл түні Алматыда 98 нәресте дүниеге келді

Жаңа жыл түні Алматыда 98 нәресте дүниеге келді

Жаңа жыл түні Алматыда 98 нәресте туған. Түнді толғақпен өткізген аналар 31 желтоқсанда 53 қыз бен 45 ұлды аман-есен дүниеге әкелген. Былтырдан бері Алматыда дүниеге қанша сәби келген және олардың арасында атұстары басым ба, әлде кестетігері ме?

Ұлдан туған тұңғыш немересін көріп, қуанышы тасып жүрген жанның бірі – Исатай. Немересінің атын да өзі қойыпты. Жаңа жылда жанұяларына жан қосылғанына қуанған Үсеновтар әулеті ұлды болған екен.

«Алғашқы немеремді дана боп өссін деп, атын Данабек қойдым. Еліне елеулі, халқына қалаулы азамат болып өсуін Құдайдан тілеймін!», – дейді қуанышы қойнына сыймаған Исатай ҮСЕНОВ.

«Біз немерелі болып, қуанышымыз қойнымызға сыймай тұр. Қазір немеремізді перезентханадан әкетпекпіз. Осы перзентхана ұжымына көп-көп рахметімізді айтамыз. Немереміздің бауы берік болсын!», – деп немересіне бар ақ тілегін жаудырды Әлия ҮСЕНОВА.

Жаңа жыл түні Алматыда 98 нәресте туса, тек №1 қалалық перезентханның өзінде 16 әйел өмірге сәби әкелген. Дәрігерлердің айтуынша, араларында кесір тілігіне тәуелді болған аналар да аз болмаған. Жұрт жаңа жылды тойлап жатқанда, аяғы ауыр аналардың өмірі үшін жұмыс істеген дәрігерлер: «Бұл қалыпты жағдай, тәулігіне 35 әйелді босандырған күндеріміз де болған» дейді.

«31-ші желтоқсаннан 1-ші қаңтарға қараған түнде босандым. Перзентханаға түнгі сағат 12-ден кейін түстім. Кесір тілігін жасады. Бұл екінші балам. Атын апасы Дариға деп қойды», – дейді жас ана Алтынай КҮМІСБАЕВА.

«Біздің №1 қалалық перезентханамызда мейрам күнінде 16 нәресте дүниеге келді. Оның 10-ы қыз бала, 6-уы ұл бала. 11 әйел өз күшімен босанды, 5 жедел операция болды», – деді №1 қалалық перезентхананың акушер-гинекологы Алтынай ЖАҢБЫРШИЕВА.

31 желтоқсан түні туған сәбилердің 53-і қыз бала болса, 45-і ер бала. Жалпы, өткен ит жылы Алматыда 40 502 сәби дүниеге келген. Дүние есігін ашқан балапандардың басым бөлігі – ұл. Сондай ақ, тек үш үшем ғана дүниеге келсе, есесіне, 471 егіз елді қуантқан. Жалпы, Алматы қаласында айы-күні жеткен аналарды қабылдайтын 7 мемлекеттік мекеме бар.


Әмірболат Құсайыұлы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир