|
09.10.2018 | 12:22
1198

Түрік полициясынан ақпарат күтеміз – ҚР СІМ Стамбулда қайтыс болған азамат жайлы

Түрік полициясынан ақпарат күтеміз – ҚР СІМ Стамбулда қайтыс болған азамат жайлы

Стамбул әуежайында көз жұмған 37 жастағы Қазақстан азаматының қазасын тергеуге үш ай керек, деп хабарлайды Today.kz. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Көз жұмған азаматтың әйелі Стамбулға келді, елшілеріміз толық көмек көрсетті. Денені тану жұмыстары жүргізілді, келесі күні денесі Астанаға рейс ұшағымен жіберілді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Түрік полициясынан ақпарат күтеміз. Әйелі ақпаратты жарияламауды сұрады. Тергеу нәтижесі бойынша оның Стамбулға не үшін келгені белгілі болады», – деді ресми өкіл.

ҚР СІМ ресми өкілі марқұм өзіне қол салды ма, әлде жазатайым жағдай болды ма, бұған жауап бере алмады. Нақты ақпарат тергеуден кейін беріледі.

Естеріңізге сала кетсек, 27 қыркүйек күні Қазақстан азаматы Стамбул әуежайында қайтыс болған еді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир