Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Синоптиктер 20-22 қыркүйек аралығында Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бірнеше күнге жалғасқан жылы және құрғақ ауа райынан кейін республиканың солтүстік облыстарына атмосфералық фронттармен циклон келетін болады. Сондықтан алдағы үш тәулікте солтүстік, сондай-ақ орталық облыстардың кей жерлерінде жаңбыр жауып, 22 қыркүйекте қатты жауын-шашын болуы мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Циклонмен байланысты суық ауа ағындарының ықпалымен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн күркіреп, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ауа температурасы осы кезеңдегі қалыпты температурадан 2...4°С төмен болады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
24.09.2026 08:45
23 қыркүйекке арналған валюта бағамы
23.09.2026 07:40
25 қыркүйекте Көктөбе келушілер үшін уақытша жабылады
23.09.2026 11:25