Обыр ауруын зерттеушілер Нобель сыйлығын иеленді

Обыр ауруын зерттеушілер Нобель сыйлығын иеленді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Обырға қарсы иммундық терапияның жаңа әдістемесін жасап шығарған екі иммунолог дәрігер америкалық Джеймс Аллисон мен Тасуку Хондзё атты жапон азаматы Нобель сыйлығының лауреаттары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

«Аллисон мен Хондзё обырды емдеу кезінде иммундық терапияның қалай қолданылатынын көрсетті», деп мәлімдеді Нобель ассамблеясы Швецияның Karolinska институтында. Мұнда сыйлық лауреаттарына 9 миллион швед кронасы ($1 миллион) тағайындалды.

Қос лауреат адам ағзасы мен оның иммундық жасушаларында ісіктің пайда болуының алдын алатын протеиндерді зерттеген.

Жыл сайын медицина саласындағы сыйлық ең бірінші беріліп, Нобель апталығын ашып отырады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүр бойынша 10 желтоқсанда, Нобель сыйлығының негізін қалаған швед кәсіпкері әрі өнертапқыш Альфред Нобельді (1833-1896) еске алу күнінде өтеді.


Новости партнеров