Алматылық бай-бағландар мүлік салығын төлей бастады

Алматылық бай-бағландар мүлік салығын төлей бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы тұста, алматылық бай-бағландар мүлік салығын төлей бастады. Мәселен, Медеу ауданындағы зәулім үй қожайындары 1 ай ішінде қазынаға 124 млн теңге төлеген. Салықшылардың айтуынша, ауқаттылар тіпті мемлекетпен алдын-ала есеп айырысып қойыпты. Естеріңізде болса, өткен айда Медеу ауданындағы 124 зәулім баспана қожайынының қазынаға 36 млн теңге қарызы бары жарияланған болатын. Берешегі барлардың басым бөлігі елге танымал шенеуніктер, әртістер, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер екені белгілі болды. «Қара тізімге» ілінгендерге салықшылар қарыздарын төлемесе, есімдерін елге жариялайтынын ескерткен болатын.

«Бұл азаматтарға жаңағы бұқаралық ақпарат құралдарына төлемеген жағдайда хабарлаймыз дегеннен кейін, ол кісілерде қозғалыс пайда болып бүгінгі күнде бюджетке барлығы салығын төледі. Сәйкесінше, біз ол азаматтар бойынша тізімді бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлаған жоқпыз. Бұл жұмыс тоқтамайды, әрі жүріп отырады»,- деді Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, Қуаныш ТҮМЕНБАЕВ.


Новости партнеров