|
05.10.2018 | 12:52
1408

«Адам денсаулығы сапалы өмір сүруді қажет етеді» – Елбасы Алматы әкіміне ризалық танытты

«Адам денсаулығы сапалы өмір сүруді қажет етеді» – Елбасы Алматы әкіміне ризалық танытты

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында адам құқықтарына ерекше тоқталып өтті. Президент бірінші кезекте адам денсаулығын бірінші орынға қою керек екенін баса айтты. Ол үшін тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасауды тапсырған Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті мақтап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сапалы өмір сүру дегеніміз жайлы пәтерде тұру деген сөз. Жұмысына да жақын, үйінің сапасы да жоғары, ауласы да жайлы. Бұл жағынан Алматының әкімі Бауыржан Байбекке қошемет көрсетіп қойсаңыздар болады. Астана да дәл солай», – деген Елбасы: «Әйтеуір, мен жүрген жерлер тап-таза» деп залды бір күлдіріп алды.

Дегенмен Елбасы кез келген уақытта кез келген бұрышқа өте салатынын да ескертті.

Сурет / qamshy.kz


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жолдау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир