Ақтауда түрлі ұлт өкілдері бауырсақ әзірлеп жарысты

Ақтауда түрлі ұлт өкілдері бауырсақ әзірлеп жарысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 желтоқсан күні Ақтауда  Қазақстан халқы ассамблеясы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастаруымен «Достық дастарханы» атты  Бауырсақ байқауы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.

Бұл шараға лезгин, неміс, орыс, өзбек, татар, башқұрт, дағыстан, украин, ұйғыр, армян, корей, шешен, қарақалпақ, белорусь, қырғыз және грузин халықтарының этномәдени бірлестіктері қатысты. Әр түрлі ұлт өкілдері бауырсақ әзірлеп, басқа да дәмді тағамдарын дастарханға қойды.

Шарада қай ұлт өкілдерінің бауырсағы дәмдірек болады, сол жеңіске жетеді деген ұйғарым болды.

Ерекше байқауға Маңғыстау облысының құрметті азаматы Ақмоншақ Баужанова, Медиация орталығының меңгерушісі Сания Саталиева, «Азаматтық алянсі» ұйымының қызметкері Жұмайхан Елесбаева қазылық етті. Ортақ шешім бойынша Корей эномәдени бірлестігі әзірлеген бауырсақ ең дәмді деп танылды. 2 және 3-орынды Белорусь пен Қарақалпақ этномәдени бірлестіктері бөлісті.

«Тәуелсіздік күніне орай «Қазақтану» жобасы аясындағы  байқауға барлығы жақсы дайындалған. 1-орынды бауырсақтың 8 түрін дайындаған Корей этномәдени бірлестігі алды. Бауырсақтары күн сәулесі бейнелейді, жеміс-жидектермен безендірілген. Дегенмен достық пен татулық жеңді деп айта аламыз», — деді Ақмоншақ Баужанова.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Менің тәуелсіз Қазақстанға қосқан үлесім» тақырыбында өткізілген эссе байқауының жеңімпаздары Глеб Петропавловский, Нилюфан Нагметтулаева, Садааф Мамедова марапатталды.

Новости партнеров