|
19.12.2018 | 14:12
3467

Елімізде 35 градус аяз болады

Елімізде 35 градус аяз болады

Синоптиктер 20-22 желтоқсанда елімізде күн суытып, аяз болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

«Арктикалық суық ауа фронтына байланысты, алдағы тәуліктерде  республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде қар жауып, бұрқасын болып, екпінді жел соғады деп күтіледі. Скандинавианың солтүстік аймақтарында қалыптасқан антициклонның осы  фронттың артынан жылжуы салдарынан жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді», - делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның таулы және тау бөктерінедіг аймақтары оңтүстік фронтальді жүйенің әсерінде болады. Бұл өңірде аздаған қар жауып, тұман тұтып, көктайғақ болады.

Республиканың бүкіл аумағында ауа температурасы климаттық нормадан төмен болады деп күтілуде. Алайда солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейді. Бұл климаттық нормадан 6-9 градусқа  төмен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир