|
26.11.2018 | 14:22
5116

Алматыдағы «Сайран» автовокзалында мұз айдыны пайда болады

Алматыдағы «Сайран» автовокзалында мұз айдыны пайда болады

Алматыдағы «Сайран» автовобекетінің вокзал аумағы кеңейіп, жаңа мұз айдыны пайда болады. Бұл туралы Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.  

Оның мәліметінше, сауда саттыққа арналған 100 нысан мен 20 кафе - 120 конструкция бұзылған, ал сол жердегі аумақ абаттандырылды.

«Ендігіде автовокзал әлдеқайда өзгере түсті, оның алдыңғы жағы ашылды, мұнда үш тілде нұсқаулықтар, паркоматтар, бейнебақылау камералары, фастфуд, Wi-Fi-зоналар, мұз айдыны, заманауи таксамоторлық тұрақтар және билет сататын терминалдар пайда болады», - деді Өскенбаев.  

Сонымен қатар, көлік логистикасы, вокзал маңы кеңейеді және жаяу жүргіншілер зонасы пайда болады. Туристтік автобустар үшін тұрақтар, субұрқақтар, тұрақтар және жасыл аймақтар пайда болады.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир