Алматы тұрғындары «Орталық клиникалық аурухананың» жетекші дәрігерлерінен тегін кеңес алды.
Сондай-ақ, ашық есік күнінде қарапайым халыққа диагностикалық тесттің барлық түрінен 30 пайыз жеңілдікпен өтуге мүмкіндік берілді. Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткен акцияға тұрғындар дән риза. Дәрігерлердің айтуынша, тегін кеңес алуға келген 500-ден астам адамның басым көпшілігі жүрегі мен бүйрегін тексертіп, невролог пен гинекологтың кеңесіне жүгінген.
«Біздің клиникамыздың ең үздік дәрігерлері Алматының барлық тұрғындарына арнап тегін дәрігерлік кеңес жүргізіп жатыр. Мақсатымыз – қалалық тұрғындарды ауруханадағы ең үздік жоғары технологиялық жетістіктермен таныстыру. Осыған орай, біздің ауруханамыздың бұл оталар түрін тегін портал арқылы алуға болады», – деді «Орталық клиникалық аурухана» АҚ Медициналық қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Әлия АДАЕВА.