|
20.11.2018 | 14:51
1482

Ұшақтың ұшу уақыты өзгертілгеніне ашуланған ер адам өз заттарын өртеп жіберді (видео)

Ұшақтың ұшу уақыты өзгертілгеніне ашуланған ер адам өз заттарын өртеп жіберді (видео)

Пәкістандағы әуе желісінде рейстің уақытың өзгертіліп, өз кезегінде бұл жайт жолаушыларды қатты ашуландырды. Тіпті, ызаға булыққан ер адам әуежайда өзінің қол жүгін өртеп жіберді, деп жазды Stan.kz Travel&Leisure басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, PIA PK-607 рейсі сағат 07:00-де Гилгитадан ұшып шығуы тиіс болған. Алайда бастапқыда ол техникалық себептерге байланысты кешіктіріліп, артынша ауа райының жайсыздығының салдарынан ұшу уақыты өзгертіледі.

Осы кезде жолаушылар шу шығарып, әуежай қызметкерлерін итере бастаған. Тіпті, наразы болғандардың біреуі өзінің заттарын өртеп жіберді.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт тез арада сөндірілді.

Ал әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға мейманханадан бөлме ұсынылғанын және олар келесі рейсті сол жерде күтетінін мәлімдеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир