Алматыда студенттер мен мектеп оқушыларының шахмат турнирі өтті

Алматыда студенттер мен мектеп оқушыларының шахмат турнирі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақылдылар ойыны. Алматыда «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» қоғамдық қорының 20 жылдығына орай шахматтан турнир өтті.

Жарыста қор филиалдарының студенттері мен мектеп оқушылары бақ сынады. Сайысты Ресейден арнайы келген қазақстандық шахматшы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Жансая Абдімәлік ашты.  

«Бүгінгі жарысқа қонақ ретінде келдім. Шахмат баланың интеллектісін, ой-өрісін дамытады. Сондықтан турнирге қатысуға 80-нен астам балалар мен студенттердің ниет білдіргені қатты қуантты. Қазақстанға білімді, ақылды жастар керек. Осындай шахмат турнирлері алдағы уақытта дәстүрге айналады деген үміттемін», – деді шахматтан әлем чемпионы Жансая ӘБДІМӘЛІК.

«Мен өзім «Арыстан» лицейінде оқығандықтан, әскери болғандықтан менің болашақта әскердегі жоспарларыма, стратегиялық тұрғыда көмек береді. Мен шахматпен 6-сыныптан бері айналысып келемін. Бүгінгі жарыста Қордың 20 жылдығымен құттықтай отырып, өз командама жеңіс, қарсыластарға сәттілік тілеймін», – деді турнирге қатысушы Тұрар ҚҰДАЙБЕРГЕН.

Сайысқа барлығы 82 адам қатысса, ең кішкентай ойыншының жасы 6-да. Жарыс қорытындысы бойынша, өзгелерден оза шапқан Инновациялық техникалық колледжінің студенті Ален Рахымжан 1-ші орынды жеңіп алды. 


Новости партнеров