Өскемендегі трамвай паркі банкротқа ұшырауы мүмкін

Өскемендегі трамвай паркі банкротқа ұшырауы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аймақ басшысы Даниал Ахметов бір айдың ішінде Өскемендегі трамвай паркінің жұмысын қалпына келтіру жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Алтайньюс.

Облыстық әкімдіктің кезекті мәжілісінде белгілі болғандай, шаһардағы трамвай паркінің күнделікті табысы 1 миллион теңгенің көлемінде екен. Осы жайтты біле тұра, «Ертіс» ӘКК трамвай паркіне кәсіпорынның мүлкін пайдаланғаны үшін 80 миллион теңге көлемінде арендалық төлем төлеуі керек деген шарт қойған.

«Ертіс» корпорациясының бұл әрекеті ақылға сыймайды. Мына түрімен трамвай паркі сөзсіз банкротқа ұшырайды. Кәсіпорын жұмысына қысым жасауды тез арада доғаруымыз керек», – деген облыс әкімі парк 30 жыл бойы жөндеу көрмегенін, таяуда мемлекет кәсіпорынды сатып алғанын, енді оны реконструкциялау қажеттігін атап өтті.

Осыған байланысты, облыс әкімі өзінің орынбасары Серік Ақтанов пен жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Нұржан Жұмаділовке бір ай көлемінде аталмыш мәселені шешуге бағытталған жоспар әзірлеуді тапсырды.

Сурет / yk-news.kz


Новости партнеров