|
05.11.2018 | 15:20
1723

Каскадер Қасым Жұмағожиннің жары мәлімдеме жасады

Каскадер Қасым Жұмағожиннің жары мәлімдеме жасады

Қасым Жұмағожинның жары Альбина каскадердің өліміне қатысты жалған ақпарат таратушы әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


«Бүгін менің күйеуім Қасым Жұмағожиннің жерлеу рәсімі өтті. Ресми нұсқа бойынша (оны БАҚ-та жариялады да), ол жүрек талмасынан түнгі клубта өнер көрсету кезінде қайтыс болды. Соған қарамастан, әлеуметтік желіде оның түнгі клубта өнер көрсетіп жатқан кезде түсірілген видеоларды тарату және Қасымның қалай қайтыс болғаны туралы сан-саққа ой жүгіртіп, жалған мәліметтер мен оның суретін таратып жатыр», - делінген каскадердің жарының мәлімдемесінде.


Ол заң бойынша әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралы ретінде саналатынын және сол себепті жалған мәлімет таратқан желідегі аккаунт иелері қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін айтты.  


«Біріншіден, видеоның сипаттамасында Қасымның қайтыс болғаны жазылған - бұл жалған, себебі ол өзін жайсыз сезініп, өнер көрсетіп болған соң қайтыс болды. Екіншіден, неше түрлі нұсқаларды жариялағандар (сақтандырудың жоқтығы, қылғындыру және өз-өзіне қол салу) моралдьдық залал келтіргені үшін, жалған сөйлеп жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Үшіншіден, адамның суретін оның рұқсатынсыз пайдаланғаны үшін (қаза болған жағдайда оның туысының рұқсатын алу) қылмыстық жазаға тартылады», - деді Альбина Жұмағожина.


Үндеуде қайтыс болған каскадердің отбасы Қасымның өлімі жайлы жалған ақпарат таратуды доғару үшін құқық қорғау органдарына және прокуратураға шағымдануға мәжбүр екендерін жеткізді.

«Барлық заңбұзушылықтар анықталады, кл кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Үлкен өтініш, жалған ақпарат таратпаңыздар, біреудің қайғысынан хайп көтермеңіздер, өзіңіздің және топтарда жарияланған жалған ақпараттарды өшіріп тастап, жауапкершілік жайлы ойланыңыз», - деді Қасым Жұмағожиннің жары.  


Айта кетейік, Nomad Stunts командасындағылар танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты мән-жайды айтып берді. Бұған дейін Желіде пайда болған видеоның кадрларында каскадерлардың бірінің қайтыс болғаны көрсетілді, олар алматылық клубтардың біріне Хэллоуинді атап өтуге шақырылған.


Желі қолданушылары клубтағы қайғылы оқиға мен танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің өлімін байланыстырды. Nomad Stunts тобының коммуникациялар жөніндегі менеджері Евгения Лидің айтуынша, 3 қарашада Қасым Жұмағожин әріптестерімен бірге барлардың бірінде шоу-бағдарламаға қатысқан. Сценарий бойынша ол асылып тұрған мумияны сомдады.  


Еске сала кетейік, 4 қарашада Nomad Stunts командасының өкілі, қазақстандық танымал каскадер Қасым Жұмағожиннің қайтыс болғаны анықталды.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир