Малайзия нарығында қазақстандық бизнесті ілгерілету мүмкіндігі артпақ

Малайзия нарығында қазақстандық бизнесті ілгерілету мүмкіндігі артпақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстан мен Малайзия кәсіпкерлері бас қосты. Жиында қос ел арасында іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселесі қозғалды. Сонымен қатар, Малайзия нарығында қазақстандық бизнесті ілгерлету де сөз болды.

Іскерлік жиынға мұнай-газ, металлургия өнеркәсібі сынды салаларда қызмет ететін Малайзия мен Қазақстанның 100-ге тарта компания өкілдері қатысты. Форумда түрлі саладағы келісімшарттарға қол қойылды. Су тазалайтын құрылғыларды өндіретін және күн сәулесінен қуат алатын батарея шығаратын компаниялар Қазақстанмен бірігіп жұмыс істеуге ниетті екендерін жеткізді.  

«Малайзиялық кәсіпкерлер Қазақстанда құрылыс пен мұнай, агроөнеркәсіп саласында жұмыс істеуге қызығып отырғандарын айтты. Ал Қазақстан тарапы Малайзияға ет өнімдерін экспорттауға дайын. Сонымен қатар, біздің Шығыс Қазақстан облысының балы да оларға ұнап қалыпты. Өнімнің барлығы «халал» талабына сай болуы керек. Қазір отандық өнімдерді жөнелту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді «Қазақстан-Малайзия іскерлік кеңесінің» төрағасы Берікқазы СЕКСЕНБАЕВ.

Форумға қатысушылардың сөзінше, негізгі инвестициялар мұнай-газ, құрылыс және инфрақұрылымға бағытталады. Екі ел арасындағы тауар айналымына келсек, 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы қазақстандық өнім экспорты 251 мың АҚШ долларға жеткен. Ал импорт 38 миллион долларды құрады.        



Новости партнеров