|
26.11.2018 | 18:35
1752

Бұрынғы энергетика вице-министріне қатысты істе тағы 2 адам тұтқындалды

Бұрынғы энергетика вице-министріне қатысты істе тағы 2 адам тұтқындалды

Еліміздің бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупамен бірге тағы екі адам сот шешімімен тұтқындалды.

Бұл бұрын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры басқармасының төрағасы міндетін атқарушы болған Қайсар Байдалы мен ENERCO компаниясының директоры Ерлан Набиев.  

«Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Ерлан Набиев және Қайсар Байдалыға қатысты алдын ала тергеп, тексеру органдарының өтінішін қанағаттандырып, оларға қатысты екі ай мерзімге, яғни 2019 жылдың 21 қаңтарына дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді Астана қаласы сотының баспасөз хатшысы Ботагөз БАЯНОВА.

Ерлан Набиев және Қайсар Байдалы Қарағанды облысы Сарань қаласында «жылуды есептеуге арналған аспаптарды сатып алу және орнатуға» бөлінген бюджет қаржысын жымқырған деген күдікке ілігіп отыр.

Бас прокуратураның хабарлауынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры Сарань қаласында жылу желісі мен орталық қазандық жоқ болса да 215 миллион теңгеден астам ақшаны ENERCO компаниясына заңсыз аударыпты. Олар қаржыны жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир