Медицина тақырыбында тағы бір жаңалық. Алматыда кореялық жеке емхана ашылды.
Оңтүстік Корея мамандарының қолдауымен ашылған амбулаторлық емдеу орталығы жұқпалы және генетикалық ауруларды емдеуден бөлек, қатерлі ісік түрін де жылдам анықтайды. Жаңа емхана қыруар қаржы жұмсап, шетел асатын науқастар санын азайтып, олардың уақытын үнемдеуге де мол мүмкіндік бермек.
Емханаға қажетті жабдықтар Сингапурден жеткізіледі. Медициналық мекеме қызмет сапасын арттыру мақсатында Сеулдегі алдыңғы қатарлы ұлттық ғылыми орталықтармен бірлесе жұмыс жүргізеді. Бірақ орталықта кардиология, жүйке аурулары, терапия, гинекология, педиатрия сынды қызмет түрлері көрсетілгенмен, хирургиялық операциялар жасалмайды.
«Біз болашақта Қазақстанның барлық аумағында ғана емес, ТДМ елдерінде де бөлімшелерімізді ашуды жоспарлап отырмыз. Медициналық қызмет түрімен қатар фармацептика саласында дамыту көзделген», – деді медициналық орталықтың директоры Мин ХИСУК.