|
03.01.2018 | 16:21
2327

2018 жылы дәріханада тегін берілетін дәрі-дәрмек саны ұлғайды

2018 жылы дәріханада тегін берілетін дәрі-дәрмек саны ұлғайды

Келесі жылы азаматтар үшін тегін берілетін дәрі-дәрмек саны ұлғайды. Бұрын тек ауруханада сатып алынатын кей препараттар енді үй жағдайында емделуге беріледі. Жаңа тізімге 50-ге жуық ауру түріне арналған 274 дәрі енгізілген. Жалпы қазір келесі жылдың бірінші тоқсанына ақысыз түрде беруге 874 препарат сатып алынған. Барлық құжат пен дәрі-дәрмек бағасын төмен көрсеткен 24 компания бірыңғай дистрибьютор қоймасына жөнелтуді келесі жылдың басында бастамақ. Дистрибьютор препарат құнын төмендету туралы жасалған келісімнің арқасында  1,7 миллиард теңге үнемдеді. Ауруханалар ол қаржыға қосымша дәрі-дәрмек сатып ала алады. 

«СК-Фармация» қоймасына отандық өндіруші және шетелдік кәсіпорындармен жасалған тікелей келісімге байланысты, сондай-ақ тендер қорытындысы сатып алынған отандық препараттар түсе бастады. Сонымен қатар, 15 түрлі дәрі-дәрмек ЮНИСЕФ пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламалары халықаралық ұйымдарымен жасалған келісім аясында жеткізіледі. Еліміз азаматтарына дәрі-дәрмек жеткізуде жетіспеушілік туындамау мақсатында осы жылдың желтоқсан айында үкімет бірыңғай дистрибьютордың сатып алу процедурасын басқару ережесіне өзгертулер енгізді. Яғни, мемлекеттен берілетін ақысыз препатарттарды жеткізуге жауапты мекеме үш айға қажетті препаратты бір компаниядан алмақ», - деді «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС баспасөз хатшысы Іңкәр МИРЬЯКУПОВА.

2018 жылға арналған тегін дәрі-дәрмекті сатып алу жұмысы жалғасуда. Қазір ол бойынша тендерге 484 препарат енгізілген. 4 қаңтарда кезекті тендер өткізіледі. Оны онлайн жүйеде қарауға мүмкіндік бар. Ол ақпан айында қорытындыланып, дәрілерді ауруханаға жеткізу наурыз айында басталады. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир