Алматының Түрксіб ауданында 5 жыл ішінде 80 көпқабатты үй тұрғызылмақ

Алматының Түрксіб ауданында 5 жыл ішінде 80 көпқабатты үй тұрғызылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы бес жылда 80 көпқабатты  үй  салынған. Ескі үйлерді сүру бағдарламасы аясында жасалған жұмыстар туралы  Түрксіб ауданының әкімі  Владимир Устюгов  мәлімдеді. Жылдық есеп барысында сан түрлі 20 сұраққа жауап берген жиын туралы келесі бейнематериалда. 

Жылдағы әдет бойынша жиын өткізген аудан әкімі соңғы 12 айда атқарылған істерді бір бума қағазға тізіп әкеліпті. Жол, құрылыс, көгалдандыру, жұмыспен қамту сынды толып жатқан сан салалы жұмыстың барлығын кезек-кезегімен көпке жеткізді. Аудан әкімі тек біткен іспен ғана емес, алдағы уақытта жасалар жоспарымен де бөлісті. 

«Біздің аудандағы ең басты мәселе ол ескі үйлер. Аудандағы 1400 үйдің 508 бұрынғы баспаналар. Үйлердің 60 пайызы ескірген. 2012 жылдан бері ескі үйлерді жаңарту жұмысын жүргізіп жатырмыз.  Тұрғындар ескі қамыс үйлердің орнына пәтер беріле ме деген сұрақтарын жиі қояды»,- деді Алматы қаласы, Түрксіб ауданының әкімі, Владимир УСТЮГОВ. 

Әкімнің уәдесі бойынша алдағы алты айдан кейін «Жас Қанат» ықшам адуанында тоғыз қабатты төрт үй тұрғызылады. Қолжетімді баспана бойынша салынатын  бұл үйлерден бөлек, тағы бес қабатты 47 үйдің қабырғасы қаланбақ. 

«Бұл үйлермен қатар тағы 80 аула мен 29 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Психоневрологиялық интернат үйіне, білім мен медициналық нысандарға да жөндеу жұмыстары басталады. Биыл «Алатау» ықшам ауданындағы ескірген 87 үй сүріліп, орынына жаңа ғимараттар бой көтереді»,- деді Алматы қаласы, Түрксіб ауданының әкімі, Владимир УСТЮГОВ. 

Аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтың бірі Баум бағының тағдыры. Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын орманды алқаптың қазіргі күйі көңіл көншітпейді. Жасыл желекті жерді қала қармағына өткізу қарастырылып жатыр. Залда жиі қойылған сұрақтар тізімінде жолаушылар тасымалдау көлігінің көңіл көншітпейтіні. Бұл алдағы уақытта түбегейлі шешімін таппақ. Ал, бүгінде, кейбір шағын аудан тұрғындарын  қала орталығымен байланыстыратын автобустар бағыты ауыстырылған.  

«Тұрғындардың биылғы қойған сұрағы басқаша. Бұрын газ, су жоқ. Жол нашар, айлық төлемейді  деген мәселелерді жиі қойса, биыл ондай сұрақтарды көтермейтін болған. Бұл халықтың тұрмысы сәлде болса жақсарды, жұмыстар жақсы жолға қойылған дегенді білдіреді. Енді ол жалпыға ортақ Баум бағы, су аңғарлары сынды сұрақтарды көтеріп отыр»»,- деді "Қазақстандағы Республикалық ұйғыр-мәдени орталығы" ҚҚ төрағасы, Ахметжан ШАРДИНОВ. 

Балабақша проблемасы ауданда толық шешілді деуге негіз бар. Мемлекеттік жекеменшік әріптестікті дамыту бағдарламасы барысында  20 балабақша салынып, бизнес өкілдерінің көмегімен ондаған спорттық алаңдар ашылды. Бір жылда ауданда үш мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Инвестиция тарту 18,5% құраса, ауданның бюджеті былтыр 3 миллиард теңгеге артыпты.

Әмірболат Құсаййынұлы, Ильзат Акчурин. Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров