Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесу барысында Бауыржан Байбек Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады. Әкім өз сөзінде шараны өткізуге дайындықтың жоспарға сай уақтылы жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ дүбірлі додаға әлемнің 57 елінің өкілдері қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеді. Бауыржан Байбектің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы алып шаһарда өтетін «Универсиада-2017» студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс.

«Алматы қаласында Елбасының тапсырмасы бойынша салынған «Алматы», «Халық» ареналар нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Атлетикалық аула дайын болды. Қазіргі таңда біз жалпы ашылу рәсімін дайындап, қажетті қауіпсіздік мәселелерін шешіп жатырмыз. Соның үстіне Алматы қаласы 9 айдың нәтижесінде 2,8 пайыз өсім көрсетті. Жалпы жағдай Алматы қаласында тұрақты», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.

Бауыржан Байбек Елбасына Алматы қаласының қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан да хабардар етті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8 пайызға артса, шағын және орта бизнесті несиелеу 35 пайызға өсіпті. 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ал, қаланың шағын және орта бизнес субъектілері өнімінің көлемі 30 пайызға жоғарлаған.

Новости партнеров