Алматылық ветеринарлар арнайы формамен және планшеттермен қамтамасыз етіледі

Алматылық ветеринарлар арнайы формамен және планшеттермен қамтамасыз етіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық ветеринарларға бақылау күшейтіледі. GPS, дауыстық маркер, бейне тану қызметтері жақын арада ветеринардың практикалық жұмысына біржола енеді. Бүгінде қала аумағында мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық бақылау мен қадағалаудың екі жарым мың нысаны бар болса, оның 26-сы мамандардың күнделікті мониторинг жүргізетін сауда нүктелері. Сыбайлас жемқорлық фактілерін азайту, ветеринарлардың өз міндеттерін толық орындау үшін оларды арнайы формамен, бейнемагнитафондармен және планшеттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Ветеринарлық дәрігеріміздің іс-әркетіне мониторинг жүргіземіз. Оған офлайн жүйесінде қызмет ететін бейнетіркеуіштер көмектеседі. Жұмыс барысында маман өзін қалай ұстайды, тіпті жемқорлық деректеріне жол бермеуін де қадағалаймыз. Бұл жұмыс сапасын жақсартуға өз септігін тигізері сөзсіз», - деді Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Айдын КЕРІМБЕК.



Новости партнеров