Қала әкімі мен Лэйк-Плэсид қаласының мэрі достық туралы хаттамаға қол қойды

Қала әкімі мен Лэйк-Плэсид қаласының мэрі достық туралы хаттамаға қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы мен Лэйк-Плэсид дос қалалар! Қос қаланың басшылары Бауыржан Байбек пен Крейг Рендалл достық туралы хаттамаға қол қойды. АҚШ-тың делегациясымен кездесу барысында қала басшысы FISU универсиада қалалары арасында халықаралық қауымдастық құруды жоспарлауда деген мәлімет айтты. Бауыржан Байбек өзге шаһарлардың спорттық туризмді дамыту тәжірибесі маңызды болатынын да тілге тиек етті. Ал, алыстан келген делегация мүшелері Алматыдан алған әсерімен  бөлісіп, студенттер жарысының қалаға берер пайдасын айтып берді.

«Біз Алматының көрнекті жерлерімен, көз тартар табиғатымен танысып үлгердік. Универсиадаға арнап салынған нысандар керемет екен. Мұндай сарайлардың пайдалы екенін, мысал ретінде, Лэйк-Плэсид қаласында сонау 30-шы жылдар бойы көтерген нысандардың әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрғанын айтуға болады»,- деді Лэйк-Плэсид қаласының мэрі, Крейг РЕНДАЛЛ. 

Кездесу барысында туризмді тұрақты дамыту жөніндегі өңірлік кеңсенің бас директоры Джеймс Маккена мультипликативті әсердің спорттық туризмнің дамуына әсері мол екенін айтты. ¤

«Сіздер географиялық жағынан өте жақсы жерде орналасқансыздар. Спортпен айналысудың барлық мүмкіндігі бар. Айта кетерлігі, спортқа қанша ақша құйылса, оның берер пайдасы да соншалықты болмақ»,- деді Лэйк-Плэсид өңіріндегі туризмді тұрақты дамыту жөніндегі кеңсенің бас директоры, Джеймс МАККЕНА.




Новости партнеров