Елбасының жолдауында білім беру жүйесіне ерекше ден қойылмақ

Елбасының жолдауында білім беру жүйесіне ерекше ден қойылмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сондай-ақ, жолдауда адами капитал сапасын жақсарту мен білім беру саласы назардан тыс қалмады. Сондықтан,  білім беру жүйесіне ерекше ден қойылмақ. Әсіресе, жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтіледі. Мәжіліс депутаттары Алматыдағы студент жастармен кездесу өткізіп, Жолдауда көрсетілген кей мәселелердің бағыт-бағдарын түсіндірді. «Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді»- делінген Жолдауда. 

«Адам капиталының дамуы, әлеуметтік сала, оның ішінде, білесіздер, қазақ тілінің Қазақстан Республикасынан басқа дамитын жері жоқ екені түсінікті, мемлекеттік тілдің дамуы, сосын заманауи көшіне ілесуіне байланысты ағылшын тілінің мәселесі. Бүгінгі дәуір қажеттілігі болғандықтан, бұл қажеттіліктен бас тарта алмаймыз. Бірақ, бұл мәселеде, шынында да, мемлекеттік тілге нұқсан келтіріп алмау жағын қарастыру деген нәрселер Жолдауда айқын айтылып тұр ғой»,- деді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, Бекболат ТІЛЕУХАН.

Новости партнеров