|
26.10.2016 | 14:08
2734

Алматы қаласының коммуналдық қызметтері қысқа дайын

Алматы қаласының коммуналдық қызметтері қысқа дайын

Алматы қаласы коммуналдық қызметтері қысқа дайын. Алматы қаласының әкімі қаладағы коммуналдық мекемелердің жұмысымен танысты. Қала көшелерінде қыстыгүні атқарылатын жұмыстарға есеп берілді. Жоғары технологиялы құрылғылармен танысқан қала әкімі, бұдан бөлек тағы 6 техника алуды тапсырды жауаптыларға. Осы құрылғылардың арқасында Алматы көшелерінде аязда мұз қатпайды. ¤

Алматы қаласының әкімі «Алматы тазалық» мекемесінің жұмысымен танысты. Мекемінің 8 өндірістік базасы мен 2 құм базасы және 562 дана арнайы техникасы бар. Бауыржан Байбек аудан әкімдеріне 2017 жылы өтетін Универсиада қарсаңында көшені қардан тазалау жұмыстарын мықтап қолға алуды тапсырды.


2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу негізінде құрылған «Алматы тазалық» мекемесі қаланың 60 пайыз аумағына қызмет көрсетеді. Жауаптылардың айтуынша, олардың жұмысы ауа райы болжамына тікелей байланысты. Мысал ретінде, Медеу ауданында жұмыс жасайтын негізгі мердігер осы компания. Медеу ауданы әкімінің айтуынша, аудан қысқа толықтай дайын. Егер қар қалың жауа қалса, өзге аудандардан қосымша техника да алынады.

«Біздің аудан бойынша 2 миллион 658 мың шаршы метр көше тазаланады. Төрт мердігер компания бар. Негізгі мердігер осы «Алматы тазалық» 189 техникасы мен 88 жұмысшысы бар. Жалпы, аудан бойынша 4 мердігерді қосқанда 400-ге жуық жұмысшы және 150-ге жуық техника бар. Енді үлгере алмай жатса, бізде таулы аймақтар көп қой. Универсиаданың алдында бізде Медеу, Шымбұлақта қар көп түседі. Олар қосымша тағы 30-40 техникаға дейін басқа аудандардан жекеменшік мердігерлерден техниканы алып келуге мүмкіндігі бар»,- деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Бұдан бөлек, «Алматы тазалық» мекемесі қалада алғаш рет қар күреуде инновациялық технологияны қолдануда. Мынадай құрылғыларда өңделетін арнайы қоспа, төменгі температурада себіледі. Нәтижесінде,асфальтта қар сіресіп тұрмайды және күреудің де қажеті жоқ. Қазір мұндай құрылғымен жарақтандырылған 6 көлік бар.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, қыс маусымына коммуналдық қызметтердің дайын екендігін айтты.Сонымен қатар, жаңа технологияны қолдану туралы ұсынысқа қолдау көрсетті. Айта кетейік, бұл жаңашылдық өткен қыста алғаш рет пайдаланылып, өз тиімдігін көрсеткен болатын.

«Бауыржан Қыдырғалиұлына көрсеткен құрылғыларымыздың тигізер пайдасы мол. Нәтижесінде, қала әкімі бізге тағы 6 көлікті сатып алу туралы ұсынымызды қолдады. Мұның тиімділігі қоспаны сепкеннен кейін, қар демде ериді және тазалауды қажет етпейді. Егер осындай құрылғының санын көбейтсек, бізге бекітілген көшелердің 50 пайызын қамтимыз»,- деді «Алматы тазалық» МКМ басшысының міндетінатқарушы, Александр КИН.

Бүгінде қаладағы қардан аршылатын көше аумағы 18 миллион шаршы метрден асып жығылады. Оны тазалауға жұмылдырылатын арнайы техникалар саны 763. Ал қызмет ететін жұмысшылар 1600-ден асады. Биыл қыс маусымына 62 мың тонна қоспа мен 13 мың тонна техникалық тұз дайындалып қойыпты.

Азамат Әуезхан, Рашит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир