Алматы облысында қызметтеріне салғырт қараған дәрігерлер жұмыстарынан қуылды

Алматы облысында қызметтеріне салғырт қараған дәрігерлер жұмыстарынан қуылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында қызметтеріне салғырт қараған дәрігерлер жұмыстарынан қуылды. Аймақ басшылығы науқастардан көп шағым түскендіктен, осындай шешім қабылдаған. Жұмыссыз қалғандардың арасында Сарқант және Ұйғыр ауданының бас дәрігерлері мен Талдықорғандағы емхана басшысы және жұқпалы балалар ауруханасының жетекшісі бар. Алғашқы екеуі - зейнет жасына жеткендіктен өз орындарын босатқан. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша,  былтырғы жылы өңірде 377 бала шетінеп кеткен екен. Оның дені дәрігерлердің қызметтеріне селсоқ қарауынан. Бұл - ұлт үшін үлкен қасірет деді, аймақ шендісі. 

«377 - қасірет, 377 - қайғы. 377 ананың өмір бойы ойынан кетпейтін қайғысы, 377 әкенің ата мен әженің жан жарасы. Әрине, бұл жерде кейбір жайттар болуы мүмкін. Анасы ауырып, бала шетінеуі мүмкін. Бірақ, бұл - біздің жүйені дұрыс құрмауымыз»,- деді Алматы облысы әкімінің орынбасары, Жақсылық ОМАР.







Новости партнеров