19 миллиард теңгеден астам заңсыз пайда тапқан. Алматы қаласы қаржы полициясының бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаев бастаған 35 адамға үкім шығарған судья, олардың заңсыз жолмен тапқан қаржысының көлемін де жариялады. Лауазымын асыра пайдаланып, бандиттік топ құрған экс қаржы полицейі 14 жылға сотталды. 35 адамға бір сәтте оқылған үкімге тілшіміз Әмірболат Құсайынұлы да қатысып қайтты.
Бұл Аманбаевтың Бас прокуратурада сотқа түсетін материалдардың заңдылығына жауапты болып тұрған кезінде берген сұхбаты. Алайда, арада көп уақыт өтпей генералдың өзі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2015 жылдың наурыз айында тұтқындалған генерал кейін үй қамаққа шыққан еді. Бірақ, талапты тыңдамаған Аманбаев осыдан төрт ай бұрын тергеу изоляторына қамалған, ақыры ол жерден бүгін 14 жылды арқалап, түрмеге бірақ кететін болды. Ықпалы жоғары генералға «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды» деген күдік тағылып, тергеу барысында барлығы 36 адам сотқа тартылды.
«Аманбаев Әмірхан Төпешұлы қылмыстық кодекстің 28-бабы 5 тармағы, 215-баптың 3 тармағы, 263-баптың 4-тармағы, 218-баптың 3-тармағындағы 1,2,3 бөлімдерімен кінәлі деп танылсын. 304 -баптың 7 тармағы,311- баптың 5 тармағымен айыпталсын. Қылмыстық кодекстің жиынтығы қортындылай келе 14 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режімдегі калонияда өтесің»,- деді Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, Кеңшілік ӘБЕЛДИНОВ.
Үкімді оқыған судья Қаржы полициясының Алматы қаласы бойынша департаментін басқарған Аманбаев бастаған топ заңсыз жолмен 19 миллиард теңгеден астам ақша тапқанын жариялады. Екі жылға жуық уақыт жалған кәсіпорындар арқылы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырған ұйымдасқан қылмыстық топтың ішінде қаржы полицейлерінен бөлек прокурор, кәсіпкер, заңгерлермен қатар барып кел, шауып кел бұйрықтарын орындаған қарапайым адамдарда бар. Сот 36 алты адамның ішінен екі адамды ақтап, қалғандарына 17 жылға дейінгі аралықта жаза тағайындады.
«Бірнеше жыл тергелген қылмыстық іс 2 мың беттен асып, 1340 томды құраған. Үш прокурор жаза сұрап, ондаған адвокат сотталушыларды қорғаған шулы істің үкімін оқу екі сағатқа созылды. Лауазымды қызметті адал атқарғандай болып көріне жүріп, миллиондаған ақшаны заңдастырып алған Аманбаев Даңқ, Құрмет ордендерімен генерал атағынан да айырылды. Өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілген шендіден сот әйелі мен ұлының атына тіркелген қымбат машиналар жылжымайтын мүліктерін де тартып алды. Оның айналасындағы өзгеде сотталушылардың банктегі акциялары мен миллиондаған ақшалары мемлекетке өтетін болды»,- деді Сотталушы Әсел Мұралиеваның анасы, Гүлмира МҰРАЛИЕВА.
Әмірболат ҚҰСАЙЫНҰЛЫ