Алматыда Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы аталып өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақтың суырып салма ақыны, әнші-композиторы Әсет Найманбайұлының 150 жылдық мерейтойы республика бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аталып өтуде. Дәл қазір Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Ән салсаң, Әсеттей сал..!» атты 3 актілі музыкалық қойылым өтуде. Шараны әріптесім Нұрсұлтан Біләл тамашалауда. Ол бізбен тікелей байланысқа шығып, қойылымнан алған әсерімен бөліспек. Нұрсұлтан, тікелей эфирдесін. Сөз өзіңе береміз, кеш қалай өтуде?

 - Сая рахмет! Алған әсеріміз өте керемет. Дегенмен, музыкалық бұл туынды 3 бөлімнен тұрады. Біз бұның 2 актісін тамашалап үлгердік. Қойылымды көруге келген адам саны көп. Сондай-ақ, залға жиналған халықтың басым бөлігі жастар. Ұйымдаструшылардың айтуынша, бұл жастарға азық беру, қазақтың дара тұлғаларын дәріптеу болып табылады. «Алатау» дәстүрлі өнер театр сахнасында музыкалық қойылым алғаш рет өтуде.

«Шамамыз келгенше тұтас қамтып жатырық. Бұл алғашқы қойлымымыз болғансоң, қашайтын, жонатын тұстары көп болуы мүмкін. Біз осы қойылым арқылы Қазақстан және Алматы жұртынана сүйінші сұрап жатырмыз. Өйткені «Алатау» театрының алғашқы қойылымы сахнаға шықты», - деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ерік Жүсіпов.

Абайдың ақындық мектебінің таланытты өкілі Әсет Найманбайұлының 150 жылды Қазақстанның түкпір-түкпірінде аталып өтуде.

- Сая менде бар ақпарат әзірге осы. Сөз кезегі өзіңде.

- Жақсы Ақпаратыңа рахмет!


Новости партнеров