Алматыда 3 мың орындық жаңа автотұрақтар ашылады

Алматыда 3 мың орындық жаңа автотұрақтар ашылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жыл аяғына дейін 3 мыңға жуық орынға шақталған жаңа автотұрақтар ашылады. Ал кейбір көшелерден, керісінше, ақылы тұрақтар алынып тасталады.   

«Алматы қаласында бүгінгі таңда 12 мыңнан астам ақылы тұрақ қалада жұмыс істеп жатыр. 133 паркомат орнатылды. Алдағы уақытта Сәтпаев даңғылына дейін сондай паркоматтар орнатсақ деп жоспарлап отырмыз. Қалдаяқов көшесі мен Сейфуллин көшесінде, сондай-ақ, Байтұрсынов көшесінде жалпы, 25 паркомат орнатуды ойға алып отырмыз», – деді «Алматы Спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат ПІРІНБЕКОВ.

Ал қандай көшеден керісінше ақылы тұрақ пен паркоматтар алынып тасталады деген мәселеде ең алдымен, қаланы тұрғындар мен жаяу жүргіншілерге қолайлы жасау мақсатында көптеген бағдарламалардың қолға алынып жатқанын айтып өту қажет.  Мәселен, даниялық архитектор Ян Гейл ұсынған бағдарлама бойынша, шаһар билігі жолаушылар автобусына ыңғайлы болуы үшін көптеген ақылы тұрақтардың санын азайтуға кіріскен. Бұған сонымен қатар, кейбір орталық көшелерге жақында ғана енгізілген бірбағыттық қозғалыс ережелері де себеп болған. 

«Қалада көліктер көп шоғырланатын орындар: бизнес орталықтары мен сауда орталықтарының төңірегі. Сол себептен, бағдарламаны жүзеге асыру ең алдымен сол жерлерден басталады. Жоспарға сәйкес, бірінші кезеңде сол маңдарды реттеп, тәртіпке келтіру шараларын жүргізетін боламыз», – деді Марат ПІРІНБЕКОВ.


Новости партнеров