Алматыда 500-ден астам аула күрделі жөндеуден өтуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы барлық аудандағы 500-ден астам аула күрделі жөндеуден өткізілуде. Онда ойын және спорт алаңдары, жаттығу және ойын кешендері орнатылуда. Мұның барлығы балаларды спортқа баулу мақсатында жасалып отыр. Құрылыс кезінде сертификатталған және қауіпсіз сәулеттік формалар пайдалануда. Қала әкімі Бауыржан Байбек Бостандық ауданындағы ауланың абаттандыру барысымен танысты. Осы жылы мұндағы 60 аулада орындықтар орнатылып, жарықтандыру жүйесі жүргізіліп, спорт және ойын алаңдары салынуда. 

Өткен жылы Алматыда 300 аула абаттандырылған. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын таппақ. Қала басшысы қаланы аралау барысында Желтоқсан көшесінің батыс жағынан Сәтпев көшесінен төмен аумақты жаяу жүргіншілер үшін кеңейтуді тапсырды, сонда көлік тұрағы тарылады. Бұл шара көлікті көрінген жерге қойып кететіндер мен күресті күшейтуге және жүргіншілер легіне қолайлы жағдай жасауға оң ықпал етпек.

 

Новости партнеров