Алматыда жалған ақша жасайтын 2 жасырын цех анықталды

Алматыда жалған ақша жасайтын 2 жасырын цех анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл басынан бері ақша айналымынан жеті миллион теңгені құрайтын бір мың екі жүз жалған ұлттық валюта тәркіленген. Қолдан ақша жасағандарды еліміздің Мемлекеттік кірістер комитеті анықтаған. Жалған ақша басып шығарғандардың екеуі Алматыда ұсталған. 


«Ақша айналымынан жалпы соммасы 7,5 млн теңге көлемінде ұлттық валютаның 1 220 дана жалған купюрасы тәркіленді, сондай-ақ, жалпы соммасы 8 млн теңгені құрайтын 114 шетел валютасының купюрасы тәркіленді. Жалған ақша белгілерін дайындайтын екі жасырын цех қызметінің жолы кесілді. Екі топ та Алматыда құрықталған», – деді Астана қаласы Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы Әзірет АҚЫЛЖАНОВ.

Комитет өкілдері ауыр қылмыстарды анықтау көрсеткішін екі есеге көбейткендерін айтады. 2017 жылдың 6 айында 504 қылмыс, биыл 1 мың 22 қылмыс анықталған.  

Дегенмен, заңсыз акцизделген арақ азаймай тұрған көрінеді. Жыл басынан бері 16 жасырын цехті анықталған. Сегіз жарым миллион есепсіз алкоголь өнімдерінің бөтелкесі мен 30 мың литрден жоғары спирт тәркіленді.


Новости партнеров