Алматыда жас байкер жол апатынан қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда мотоциклші жол апатынан ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik.
Жол апаты Төле би және Абдуллиндер көшелерінің қиылысында болды. Көптеген оқиға куәгерінің сөзі бойынша, Nissan Cefiro Абдуллиндер көшесі бойымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатады. Неге екені белгісіз, жүргізуші «Жол бер» белгісіне қарамастан, қиылысқа шығып кеткен, ал ол кезде Төле би көшесімен шығыс бағытта мотоциклші келе жатқан. Байкер тоқтап үлгермей, бар жылдамдығымен көліктің бүйіріне соғылған.
Соққының қатты болғаны сонша, мотоциклдің рөлі 180 градусқа майысып қалған. 1995 жылы туған жас мотоциклші ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, өкінішке қарай, есін жимастан сол жерде жан тапсырды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52