|
12.09.2018 | 11:05
1394

ІІМ жол шетінен өлі табылған екі қыз туралы хабарламаға түсініктеме берді

ІІМ жол шетінен өлі табылған екі қыз туралы хабарламаға түсініктеме берді
WhatsApp мессенджерінде жол шетінен екі кішкентай қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама тарап жатыр

Әлеуметтік желілерде тараған суреттің біздің елге ешқандай қатысы жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

WhatsApp қолданушылары арасында тараған хабарламада өлі табылған екі қыздың да бүйрегі жоқ екені айтылған. Жол шетінен табылған, екеуінің де жасы 6-8 жас шамасында. 

Ішкі істер министрлігі оқиға Ресейдің оңтүстігіндегі Каспийск қаласында болғанын мәлімдеді. 

«Әлеуметтік желілерде тараған суреттің біздің елімізге еш қатысы жоқ. Оқиға Ресейдің оңтүстігіндегі Каспийск қаласында болған. Азаматтарға күмәнді ақпарат таратпау қажеттігін тағы бір мәрте ескертеміз. Заңда көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», — деді Сәдубаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

екі қыз
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир