Алматыда жол апатына түскен жедел жәрдем жүргізушісі мен фельдшер әлі ауруханада жатыр

Алматыда жол апатына түскен жедел жәрдем жүргізушісі мен фельдшер әлі ауруханада жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол апатына түскен жедел жәрдем жүргізушісі мен фельдшер әлі күнге дейін ауруханада. Олардың жағдайын қалыпты деп бағалауда. 31 желтоқсанда шақыруға бара жатқан кезде Рысқұлов пен Бөкейханов көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, зардап шеккендер қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жеткізілді. Белгілі болғандай, ауыр жарақатты жәдел жәрдем қызметкерлері алған. Ал, жеңіл көліктің жүргізушісі ауруханаға барудан бас тартты.


«Фельдшердің алған жарақаты ауыр болды. Бас миының зақымдануы, кеуде қуысының жарақаты, қабырғаларының сынуы байқалған. Екінші науқас - жүргізуші. Ол науқастың жағдайы қазір бірқалыпты. Бөлімшеге ауыстырылды. Ол кісінің диагнозы кеуде қуысының травмасы»,- деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі, Нұржан ИСАБЕКОВ.


Куәгерлердің сөзінше жедел жәрдем көлігі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта арнайы дабылы бола тұра, дыбыс сигналы қосылмаған күйде жүрген. Бір сәтте жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып барып бұрылуды ұйғарған. Сол кезде қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлік тежегішті басуға үлгермей, жедел жәрдем көлігінің бүйіріне соқтығысқан. Қалалық Ішкі істер департаментінің өкілі апаттың себебі мен кінәліні сараптама кезінде анықталады деді. 


«Жедел жәрдемнің автокөлігі Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта жүріп бара жатқанын және оған қарсы батыс бағытта жеңіл көліктің жүріп келіп соқтығысқаны белгілі. Осы екі жүргізушінің қайсысы кінәлі екені алдағы тергеу барысында белгілі болады»,- деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.







Новости партнеров