Алматыда еркін күрестен ұлттық құрамалар кездесуі өтті

Алматыда еркін күрестен ұлттық құрамалар кездесуі өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Астананың 20 жылдығына арналған еркін күрестен жастар арасындағы ұлттық құрамалардың кездесуі өтті. Дүбірлі додада бақтарын сынау үшін 6 мемлекеттің, атап айтқанда, Ресей, Украина, Өзбекстан, АҚШ және Қазақстанның сайыпқырандары көк кілемде кім мықтыны көрсетті. 

Олар 10 түрлі салмақ дәрежесі бойынша белдескен. Ұйымдастырушылар ұлттық құраманың бабы да бағы да озып тұрғанын айтып, мұндай шараны дәстүрге айналдырмақ ниетте. Оның үстіне біздің жастар үшін бұл үлкен тәжірибе екендігін және олимпиада ойындарына қатысуға деген ынталарын шыңдай түседі дейді ұйымдастырушылар.  

«Спортшыларымыздың шетелге шығуларына мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті өзге мемлекеттердің балуандарын арнайы шақырттық. Жастарымыздың көздері жанып, жеңуге деген талпыныстарын көріп отырмыз. Мүмкіндік болса, мұны жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдырсақ деген жоспарымыз бар. Бұл біздің спортшыларымыз үшін үлкен тәжірибе болары сөзсіз», – дейді Қазақстан еркін күрес академиясының жетекшісі Хаджимурат ГАЦАЛОВ.

Азамат Әуезхан, «Алматы» теларнасы

Новости партнеров