Алматыда тәртіп сақшылары автокөлік ұрлығын жасаған 3 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаланың Алмалы ауданында көлік ұрылары қолға түсті. Күдіктілер «Тойота Венза» маркалы автолкөліктің екі доңғалағын шығарып алып кеткен. Ізкесушілер қарақшылардың «Хюндай Акцент» көлігіне жасырынғанын байқаған. Көлік Гоголь мен Нұрмақов көшелері қиылысында ұсталды. Ұсталағандар – 23, 24, 27 жастағы қазақстандық азаматтар. Олар бұрын да істі болған. Заттай айғақтар қайтарып алынды. Алмалы аудандық ІІБ-де сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деді қалалық ІІД баспасөзінен.
Алмалы ауданы ІІБ тергеу бөлімінде ҚР ҚК 188-ші «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Мұндайда заң бойынша мүлкі тәркіленіп немесе бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.