|
27.08.2018 | 16:04
2784

Алматыда Денис Тенге арналған көрме ашылды

Алматыда Денис Тенге арналған көрме ашылды

Алматыда Денис Тенге арналған көрме ашылды. Онда мәнерлеп сырғанаушының өзі түсірген суреттермен қатар, ол қатысқан спорттық шаралардағы естелік фотолар қойылған. Сондай-ақ, шарада достары мен әріптестерінің видеожазбалары да көпшілікке көрсетілді.


Көрмеге келем деушілер үшін есік ашық. Көрме 2 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Денис спортта үлкен жетістіктерге жетумен қатар, шығармашылықты жанымен сүйіп, оны әрқашан қатар алып жүрген азамат еді. Бұл жерде Денистің өзі түсірген фотокартиналары қойылды. Көрмені ерекше ету үшін медиабөлік және видеоматериалдар қостық. Жалпы жобаның басты мақсаты – адамдарды өзін-өзі дамытуға ұмтылдырып, алға жетелеу. Дәл осыны көзі тірі кезінде Денис жұртқа түсіндіргісі келген», – дейді «D10» көрмесінің ұйымдастырушысы Гаухар ОМАР.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир