Алматыда лифт шығаратын зауыт ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қала күні қарсаңында Алматы қаласының әкімі жаңартылған лифт шығару зауытын ашты. Индустриализация картасы бойынша ашылған кезекті нысан Қазақстандағы бірегей зауыттардың бірі. Бұл өндіріс орнының жоспарлары орасан. Ел нарығындағы тұтынушылықты 60 пайызға дейін арттырмақ ниетте.
«Алматылифт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Индустрализация картасы бойынша жұмысын бастаған он алтыншы өндіріс орны. Алматылық өнім қазіргі таңда отандық компаниялар арасындағы бірегейі. Өндірісте қолданылатын шикізаттың 60 пайызы отандық өнімдер. Қазір Алматыда Қытай, Ресей мен Белоруссия лифттері пайдаланылып келеді. Ал 300 миллион теңге қаржыға жаңартылған зауыт Қазақстан нарығының 60 пайызын қамтуды жоспарлап отыр.Жылына 1000 лифт шығаратын зауыт, модернизацияның арқасында өнім санын арттыруды көздеп отыр. Ол үшін қажетті жұмыс күші де тартылған. Қазір «Алматызауытта» 50 адам жұмыс жасайды.
1974 жылы құрылған кәсіпорын Қазақстан нарығында 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде қала бойынша бес жарым мыңдай лифт жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын өз өнімдерімен Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамтамасыз етуді көздеуде.
Азамат Әуезхан, Нұрбол Қызықбаев, «Алматы» телеарнасы
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
31.08.2026 09:00
Алматыда 31 тамыз-6 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
31.08.2026 20:25
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
30.08.2026 10:34
Қалай нақты мақсат қойып, оған тез жетуге болады
30.08.2026 12:41
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
30.08.2026 12:15