Алматыда өткен жергілікті мәслихат сайлауының қорытындысы бүгін белгілі болады

Алматыда өткен жергілікті мәслихат сайлауының қорытындысы бүгін белгілі болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда өткен жергілікті мәслихат сайлауының қорытындысы бүгін белгілі болады. Бұл туралы қалалық сайлау комиссиясы хабарлады. Жергілікті өкілетті органдағы босаған орындар үшін сайлау жексенбіде өтті. Саяси додаға бас-аяғы 9 кандидат қатысты. Олар босаған үш депутаттық мандатқа таласты. Жалпы, әу баста орынтақтан 20 кандидат дәмелі болған. Айта кетейік, мәслихат депуттағынан үміткерлердің үшеуі «Нұр Отан» партиясының өкілдері. Ал қалған алтауы өзін-өзі ұсынғандар. Қазір сайлаушылардың дауыстары саналып, қорытынды шығарылып жатыр. Саяси науқан барысында Алматыда 55 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

«Сайлау учаскелерінде 87 мыңға жуық сайлаушылар келіп өзінің таңдауын жасайды. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Сайлау таңғы жетіде өзінің жұмысын бастады. Осы уақытқа дейінгі белгілі болған мәліметке қарағанда, дауыс беруге келгендер саны жұтаң емес. Протоколдарға қол қойылып, есеп санақтарын жүргеннен кейін мәліметтер толық жарияланады деп есептейміз», - деді Алматы қалалық сайлау комиссиясының мүшесі Сағат ЕРҒАЛИ.

Кандидаттар бір ай бойы сайлаушылармен бірнеше кездесу өткізді. Болашақ жоспарларымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үміткерлердің әрқайсысына мемлекет тарапынан 245 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Еске салайық, сайлау туралы заңға сәйкес Алматыда мәслихат депутаттарын сайлау науқаны 29 тамыздан басталды.


Новости партнеров