Еліміздің сыртқы саясатындағы маңызды оқиғалардан сыр шертетін екі бірдей тарихи-құжаттамалық көрменің тұсауы кесілді. Шара Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде өтіп, Мемлекет басшысының осы айда АҚШ-қа сапары мен еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне орайластырылған. Қазақстан мен АҚШ-тың дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы «Қазақстан және АҚШ: жасампаздық жолындағы ынтымақтастық» көрмесіндегі ресми құжаттар мен фотосуреттер де көпшілік назарына ұсынылды. «Көрмеге Алматы қаласының жұртшылығы, ғалымдар, мамандар, сонымен қатар Алматы қаласындағы шет елдік консулдықтардың басшылары, АҚШ-ның бас консулы Марк Мюри, мына БҰҰ-ның өкілдері, ЮНЕСКО-ның өкілділігі және де басқа да белгілі азаматтар шақыртылып отыр»,-деді Қазақстан Республикасы президенті мұрағатының директоры, Борис ЖАПАРОВ.
Ал, «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: бейбітшілік және келісім бастамалары» көрмесінде еліміздің 1992 жылы БҰҰ-ның толық құқықты мүшесі ретінде кіруі және одан арғы осы халықаралық ұйым құрамындағы қызметінің тарихи кезеңдері көрсетілген. Айта кету керек, көрме экспозициясындағы құжаттардың дені Қазақстанның Ұлттық архив қорының түпнұсқа раритеттері болып табылады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін