Алматыда тәулік бойы тегін жұмыс істейтін сырғанау алаңдары жуырда ашылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тәулік бойы тегін жұмыс істейтін сырғанау алаңдары 1 желтоқсаннан бастап ашылады. Онда кез-келген қала тұрғыны мен қонақтары тегін сырғанай алады. Қазір қалада тұрақты жұмыс істеп тұрған жабық 8 мұз айдыны бар. Қосымша ашылатын 6 сырғанау алаңы наурыз айына дейін жұмыс істейді. Шағын алаңдар Бостандық, Әуезов, Алмалы, Жетісу және Түрксіб ауданында орналасқан. Барлығы да Алматының ауа-райына төзімді, заманауи технологияларды пайдалана отырып жасалуда. Сырғанау алаңының ең үлкендері 850 шаршы метрлік аумақты алған. Олар тұңғыш президент саябағы мен арбат маңында жасалуда. Айта кетсек, тәулік бойы жұмыс істейтін сырғанау алаңдары барлық адамға тегін. Тек, тұрғындар өз конькилерін ала келуі қажет. Сондай-ақ, маңайда тамақтану нүктелері мен конькилерді қолжетімді бағада жалға алу орталықтары ашылмақ. 


Новости партнеров