Парламентте бизнес өкілдеріне кедергі келтіретін 40 заңнама қаралып жатыр

Парламентте бизнес өкілдеріне кедергі келтіретін 40 заңнама қаралып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда жемқорлықпен күресетін мамандар 400-ден астам кәсіпкердің басын қосып, форум өткізді. Шараның басты мақсаты - бизнес өкілдері тап болатын әкімшілік кедергілермен іс жүзінде танысып, оларды жою үшін бірлесіп әрекет ету. Есте болса, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік пен  «Атамекен» ұлттық палатасы бірігіп, кәсіпкерліктің «жол картасын» әзірленген еді. Енді соған бизнес өкілдерінің ұсыныс айтуына да болады. Қазіргі таңда бизнес өкілдеріне кедергі келтіретін 40 заңнама парламентте қаралып жатыр.

«2017 жылы 16 сала бойынша біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау жүргізілді. Соған 800 ұсыныс берілді. Сол 800 ұсынысқа сәйкес 40 заңнамаға өзгеріс енгізілуде. Оның 16-сына өзгеріс енгізіліп, Елбасы қол қойды. Жеке кәсіпкерлік ашу үшін жағдайлар ашылып жатыр», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы  Елнар ИГІЛІКОВ.


Новости партнеров